Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды. Тұжырымдама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған әрі балалардың құқықтарын қорғау саласында қабылданатын шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды  UKIMET телеграм арнасы.