ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде 5 жыл бойы балаларды профилактикалық қарап-тексерулермен және патронажбен қамтуды 50%-дан 66%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте бір мезгілде медициналық инфрақұрылымның тозуын 42%-дан 30%-ға дейін төмендету жоспарлануда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.