Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша жобалық кеңсе отырысын өткізді. Отырыс барысында жобалық офис биылға арналған жоспарларды талқылап, сондай-ақ келесі жылға арналған рәсімдерді келісуге және жобаларды қалыптастыруға кірісті, деп хабарлайды Primeminister.kz.