Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Инвесторларды қолдау және Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдана отырып, жаңа буынның жоғары технологиялық өндірістерін бірлесіп қалыптастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.