Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жүйелі шараларды қолға алды. Соңғы жылдары мал шаруашылығы негізгі көрсеткіштер бойынша қарқынды дамып келеді және еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 40%-ын қалыптастырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.