ҚР Денсаулық сақтау министрлігі e-SEN  платформасында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін (СЭҚ СБӨ) іске қосу шеңберінде қызметкерлердің жеке медициналық кітапшаларын бақылауды цифрлық форматқа ауыстырды. Жүйе автоматты режимде персоналдың жеке медициналық кітапшаларының қолданылу мерзімін қадағалайды және жұмыс берушілерге жұмысқа рұқсаттың аяқталғаны туралы хабарлайды. Бұл қызметкерлерді қолданыстағы медициналық тексерулерсіз жедел шеттетуге мүмкіндік береді және сырттан тексерусіз инфекциялық аурулардың таралу қаупін азайтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.