Қазақстан гидроэнергетика саласын кезең-кезеңімен кеңейтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы жүзеге асқан жобалар қатары Жетісу облысындағы жаңа станциямен толықты. Қуаты 26 МВт «Корин CЭС-2» нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.