Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру және технологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес елорданың негізгі индустриялық және цифрлық даму жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді. Өндірістік әлеуетті нығайтуға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және қаланың цифрлық жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.