Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда. Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін «E-Fish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты – заңсыз өнім айналымының алдын алу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.