2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 111,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 75,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 23,8 мың – жеке көмекшінің, 5,2 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.