Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті. Қатысушылар жобаларды қаржыландыру, есепке алу құралдарын орнату және цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде су жабдықтау саласындағы пилоттық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.