Биыл 1–3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.