2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.