Алматы облысы Талғар ауданының мектептері мен колледждерінде «Заң мен тәртіп» пилоттық жобасы аясында білім алушылар арасындағы тәуекел факторларының азайғаны тіркелді. Аралық мониторинг қорытындысы оң динамика көрсетті. Жобаның тиімділігін ескере отырып, оны бүкіл республика бойынша кеңінен енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.