Конституциялық реформаны жүзеге асыру шеңберінде елде әлеуметтік мемлекеттің жаңа моделі енгізілуде, онда кепілдіктер жүйесі ғана емес, азаматтардың білімі мен дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Үкімет отырысында Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне жоспарланған өзгерістер туралы Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.