«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астана қаласының халықаралық әуежайында шетелдік азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған акция өткізілді. Іс-шара барысында Омбы – Астана әуе рейсімен келген туристерге QR-коды бар туристік карталар таратылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.