Күн жаңалықтары
30.12.2024
Жарияланымдар · 9
Президент биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында 800 баланы шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етті
Ақмола облысында балаларды қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылға шаңғы» ауқымды қайырымдылық жобасының екінші кезеңі басталды. Жоба өңірдің 2 қаласы мен 10 ауданында 801 баланы, оның ішінде 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін (БЖСМ) қамтиды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
ҚР ТЖМ су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық шараларын қолға алды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел өңірлерін 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Кешенді іс-шаралар шеңберінде халықты және инфрақұрылымды көктемде өзендердің арнасынан асуына байланысты қауіптерден қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы және жәрдемақы мөлшері
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Заңға қол қойды
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 771 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл қорытындысы: ғылымға қаржы бөлу, оқытудың жаңа бағдарламалары және ғылыми әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға баса назар аудару
Қазақстанда оқытудың ең озық әдістерін енгізуден бастап, заманауи инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау және коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар енгізілуде.