Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.01.2025

Жарияланымдар · 9

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.

15:42Мемлекет басшысының қызметі

Арнайы комиссияның 3 жылдық жұмысының қорытындысы: топырақтың құнарлы қабатын жоғалту тәуекелдері төмендетілді, цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау аяқталды

Қазақстан бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады және олардың қатысушы болып табылады, БҰҰ құрамындағы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) мен Деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру және тұрақты агротехнологияларды енгізу жобаларын жүзеге асыру үшін шөлейттенуге қарсы конвенциясы аясында белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

15:10Жаңалықтар

Жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың басты проблемаларын шешуге бағытталған заңнамалық шараларға бастамашылық жасалды

Барлық мүдделі мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының арқасында 3 жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. 9,5 млн га аумақта 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 6,3 млн га аумақта бұзушылықтарды жоюға 3,5 мыңға жуық ұйғарым берілді. Нәтижесінде мемлекеттік қорға 12,1 млн гектар жер қайтарылды. Қайтарылған 4,9 млн га жер қайта бөлінді: 1,9 млн га жалпы пайдаланымдағы жайылымдар үшін бөлінді, 3 млн гектар жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - ҚР жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов осындай деректерді келтірді.

15:00Жаңалықтар

Жер ресурстарын жаңа форматта басқару: қайтарылған жерлерді әділ қайта бөлуді және оларды ауыл шаруашылығы айналымына енгізуді бақылау

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында жер ресурстарын басқару саласындағы проблемалардың бірнеше негізгі себебін атап өтті.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану – стратегиялық маңызы бар бағыт

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі пайдаланылмай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар жерді қайтару жөнінде тапсырма берген. Бұл мәселе біздің еліміз үшін өзекті, себебі Қазақстан – Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең ірі өндірушісі және жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде тоғызыншы орын алады. Бұндай географиялық артықшылық жер ресурстарын ұтымды пайдалануды стратегиялық  маңызды бағытқа айналдырады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР жерді пайдалану  мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Теміржанов Мұрат ОКҚ брифингінде осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

14:11Жаңалықтар

Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе салдырмаған балалар

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде елімізде таралып жатқан түрлі ауру бойынша жағдайға тоқталып, эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ДСМ: Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елімізде жұқпалы аурулар бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Халық арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5%-ға азайды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда  4,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:30Жаңалықтар