Күн жаңалықтары
10.02.2025
Жарияланымдар · 8
Президент байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша заңға қол қойды
Президент мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңға қол қойды
2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық кәсіптік-техникалық колледждер сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытады
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алуда. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9-сынып түлектеріне тегін білім алу мүмкіндігін жасауда, деп хабарлайды, ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жеке медициналық кітапшалар енді HR Enbek порталында онлайн режимінде қолжетімді
HR Enbek еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисінде жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапша қолжетімді болды. Құжат азаматтар үшін «Жеке медициналық кітапшалар» бөлімінде, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің келісімін ала отырып, сұрау салу арқылы қол жетімді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қаңтар айында ЭЕБ-да білім беру саласының қызметкерлеріне жоғары сұраныс байқалды
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 млрд текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді, деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды: конкурс жариялаудан бастап жұмыстың басталуына дейін – 10 күн
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады, сообщает Primeminister.kz.
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.