Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.04.2025

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

16:31Мемлекет басшысының қызметі

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Өңірде облыс тұрғындарының  қатысуымен бірқатар тазалық акциялары өткізілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

16:07Президенттің тапсырмалары

Еліміздің 1100 мектебінде дрондарды басқаруға үйретеді

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу – мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:54Жаңалықтар

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

15:01Жаңалықтар

Туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет: Үкіметте саланы қолдау шаралары қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:42Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жүзеге асырылуы: әсерлері, перспективалары, мәселелері

АҢДАТПА!

14:32Баспасөз хабарламалары

Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.

12:48Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстандықтар «Франкофония көктемі» аясында фильмдер көріп, түрлі тағамдардан дәм тата алады

Франкофония көктемін мерекелеу аясында Қазақстанның 7 қаласында мәдени бағдарлама ұйымдастырылады, ал Астана мейрамханалары Халықаралық франкофония ұйымына мүше елдердің түрлі тағамының нағыз дәмін жеткізуге тырысады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге биыл «Оскар» сыйлығын алған «Ағын» анимациялық фильмі ұсынылады. Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің айтуынша, мамыр айында Астана қаласының Француз Альянсының 20 жылдығы атап өтіледі. Оның аясында француз және қазақстандық әртістердің қатысуымен арнайы музыкалық-би шоуы ұйымдастырылады. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанда «Франкофония көктемінің» жаңа маусымы басталды

Биыл 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Армения, Бельгия, Латвия, Литва, Румыния, Франция және Швейцария елшіліктері бүкіл Қазақстан бойынша Франкофония көктемін – француз тілі мен франкофония мәдениеттерінің алуан түрлілігіне арналған мәдениеттің көпсалалы фестивалін бірлесіп өткізеді. Фестиваль аясында Қазақстанның қалаларында қандай іс-шаралар өтетіні туралы ОКҚ алаңында елшілер айтып берді.

11:40Жаңалықтар

Туристік сала тұрақты өсімді көрсетіп отыр: 2024 жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:16Президенттің тапсырмалары

Жаз-2025: 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы маусымға дайындық жұмыстарын бастады. 2025 жылғы жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:26Жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 45 кәсіпорны 1,3 мыңнан астам жұмыскерге 395,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1,6 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:13Жаңалықтар