Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.08.2025

Жарияланымдар · 8

Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды: 500-ден астам жұмыс орны және 96% деңгейіндегі жергіліктендіру

Атырау қаласындағы оңтүстік өндірістік аймақта индустриялық кластерді дамыту бағытындағы жаңа стратегиялық нысан – Texol Steel Technology болашақ құйма зауытының іргесіне капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

15:03Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:30Жаңалықтар

Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылуда. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:40Президенттің тапсырмалары

Басты назарда сарбаздардың ас мәзірінің сапасы: қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын өзі тексерді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Астана» өңірлік қолбасшылығының  Қарағанды гарнизонындағы 31775 әскери бөліміне келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

11:06Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: елорда мектептерінде 100-ден астам кәсіби бағыттағы сынып ашылды

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 2025 жылғы қаңтар айынын бастап сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

10:50Аймақтар жаңалықтары

Мүгедектікті белгілеу бойынша 62 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:33Жаңалықтар

Вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техника алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды.

09:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

09:19Жаңалықтар