Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.10.2025

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды.

19:27Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Форумға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:05Президенттің тапсырмалары

Геосаяси нарративтер және олардың қазақстандық медиада көрініс табуы. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында жаһандық нарративтердің қазақстандық медиакеңістікке қалай енетінін, өзге елдердегі қақтығыстардың ішкі манипуляция құралына қалай айналатынын және қоғамның ақпараттық иммунитетін қалай сақтау керектігін талдады.

16:09Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

13:25Мемлекет басшысының қызметі

Жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылысы 2026 жылы аяқталады

Ақтөбе облысында ұлттық мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба аясында «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

12:07Аймақтар жаңалықтары

Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды

Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайту шаралары қабылдануда. Осы жұмыс аясында өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, олар – елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:52Жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды

Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды және еліміздің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматының ел дамуының жетекші орталығы ретіндегі рөлін айқындайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

10:27Аймақтар жаңалықтары

Мемлекет басшысы әл-Фараби және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

09:11Жаңалықтар

24 қазанда Қазақстанда кітапханашы күні атап өтіледі

08:56Жаңалықтар

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

08:53Мемлекет басшысының қызметі