Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.11.2025

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды.

19:20Жаңалықтар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылынан бастап меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

17:52Жаңалықтар

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті. Тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

17:21Президенттің тапсырмалары

Жыл басынан 150-ден астам колледж студенті шетелдерде академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты

Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:06Жаңалықтар

Премьер-министр LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры  Джимми Самарицпен, коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Стефан Тионмен өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:40Президенттің тапсырмалары

2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Осы тапсырма аясында 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:02Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанда падел спортын дамыту перспективасы талқыланды. Бүгінде елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылды.

14:44Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады.

12:58Мемлекет басшысының қызметі

СҚО-да 200-ден астам ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін 9 жоба жүзеге асырылып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау топтық су құбырынан Айыртау және Шал ақын аудандарындағы 24 ауылға дейін ұзындығы 220 шақырым болатын су тарту жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жоба аяқталуға жақын, мердігер ұйым негізгі жұмыстардың барлығын орындап болды. Қазір нысанды пайдалануға беру жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:10Президенттің тапсырмалары

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

10:46Баспасөз хабарламалары

Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті

5-9 қараша аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:56Жаңалықтар

25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 25,5 мың мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:36Жаңалықтар

Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жұмыскерлері күні атап өтіледі

Бүгінде елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект құралдары қарқынды енгізіліп жатыр.

09:07Жаңалықтар