Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

15.12.2025

Жарияланымдар · 10

1 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сауаттылығын арттырды

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік саласындағы компаниялармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп CITIZENSEC.KZ және NOMADGUARD.KZ тегін онлайн-порталдарын іске қосты. Аталған платформалар халықтың киберсауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды интернетті қауіпсіз пайдалануға үйретуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

17:40Жаңалықтар

«Онлайн медицина» пилоттық жобасының нәтижелері: 39 мың қашықтықтан қызмет көрсетілді

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Онлайн медицина» жобасы басталды, ол ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталған. Пилоттық жоба еліміздің тоғыз өңірін – Ақмола мен Ақтөбеден Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облысы мен Астанаға дейін қамтып, 100 медициналық ұйым мен жеті телемедициналық шешім өнім берушілерді біріктірді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:21Жаңалықтар

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды

Мемлекет басшысының 2025 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:46Жаңалықтар

Грузия бағыты бойынша жаңа рейстер ашылады

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:20Жаңалықтар

Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынды

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жобаларды жүйелі жүзеге асыру жалғасып келеді. Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынды. Жыл соңына дейін тағы 50 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

15:13Жаңалықтар

Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

2025 жылы энергетикалық инфрақұрылым саласында маңызды нәтижеге қол жеткізілді – көп жылдар бойы жинақталған тозу үдерісі тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңғырту кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

14:51Жаңалықтар

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

11:07Баспасөз хабарламалары

Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

Астана қаласындағы №45 мектепте еліміздегі дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жоба мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдарымен бірлесе жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:37Президенттің тапсырмалары

Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Президенттің тапсырмалары

Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

09:16Мемлекет басшысының қызметі