Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.05.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

18:32Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

18:02Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды

Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау.

16:34Жаңалықтар

Жетісуда екі жылда 13 елді мекен газдандырылады

Жетісу облысында газ және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2026 жылы 4 газдандыру жобасы іске асырылады. Нәтижесінде 4 ауылдық елді мекендегі қосымша 10 мың адам табиғи газға қол жеткізіп, газдандыру деңгейі 68,6%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

14:35Жаңалықтар

Глава государства направил поздравительную телеграмму Папе Римскому Льву XIV

Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Папу Римского Льва XIV по случаю первой годовщины его понтификата.

12:00Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді

Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. 3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:03Жаңалықтар

Бакуде «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» көрмесі ашылды

Баку қаласындағы Әзербайжан ұлттық өнер музейінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорындағы туындылардан құралған «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

10:33Жаңалықтар

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

10:16Жаңалықтар

Балалардың профилактикалық тексерулері мен мектеп медицинасының форматы айтарлықтай жаңартылмақ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы шеңберінде балалардың профилактикалық тексерулерін толық цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:47Жаңалықтар

Ақмола облысында 1700-ден астам тұрғын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек қызметін пайдаланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру аясында офлайн мүгедектікті белгілеу кезінде электрондық кезек енгізу жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады. Жоба Ақмола облысында 2025 жылғы 20 қарашадан бастап іске қосылғалы бері жаңа цифрлық қызметті 1700-ден астам азамат сәтті пайдаланған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

08:59Жаңалықтар