Күн жаңалықтары
28.05.2026
Жарияланымдар · 22
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады
Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.
Мемлекет басшысы «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» атты V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі
Қазақстан мен Ресей президенттері ағаш егу рәсіміне қатысты
Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин емен ағашын екті.
Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған.
Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана - Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді
Екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі елдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды
Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді.
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Екіжақты келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың және Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдемесі
Бүгінде әлем күрделі әрі қарқынды өзгерістерді бастан өткеріп отыр. Халықаралық қатынастар жүйесі ауыр сын-қатерлер мен қауіптерге тап болды, жаһандық тұрақсыздық пен сенім дағдарысы белең алып, қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің қалыптасқан тәсілдері қайта қаралуда.
«AI-Sana» бағдарламасының іске асырылуы туралы
АҢДАТПА!
Қазақстан мен Ресей пилотсыз режимдегі алғашқы халықаралық тасымалды іске қосты
2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының көлік саласына жаңа технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырған алғашқы халықаралық пилотсыз жүк тасымалы жобасы болды. Жоба аясында маршруттың жекелеген учаскелері екі ел аумағында пилотсыз режимде жүріп өтті. Рейс бір уақытта Мәскеу – Астана және Астана – Мәскеу бағыттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанға Ресейден алғашқы жолбарыстар жеткізілді
Қазақстан жолбарысты оның тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңін бастады. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді. Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қазақстан мен Ресей президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстанда егіс алқаптарының 77%-ы егілді
Өңірлерде көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 16,3 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанның жоғары білім жүйесіне дзюдо бағдарламасы енгізіледі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен IJF президенті Мариус Визер қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: мемлекеттік қолдау және ортақ құндылықтар
АҢДАТПА!
2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасуда
2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы маусымның басты ерекшелігі – жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жобасы ресми түрде басталды
Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақтөбеде KAZ06 «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолы учаскесін реконструкциялау жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының жылу маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу магистралін реконструкциялау және электр желілерін жаңарту жобаларын аяқтауға 5,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.