Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

01.06.2026

Жарияланымдар · 13

Президент Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Қытай Халық Республикасы Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп отырғандықтан бұл сапардың маңызы айрықша екенін айтты.

16:56Мемлекет басшысының қызметі

Өз логистикалық инфрақұрылымын құру жыл сайын 1,7 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және препараттарды жеткізу логистикасы жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармацияның» меншікті қоймалық инфрақұрылымын дамыту. Жобаны іске асыру жыл сайын шамамен 1,7 млрд теңге үнемдеуге, баға қауіптерін төмендетуге, жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға және жеке қоймаларды жалға алуға тәуелділікті қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:06Жаңалықтар

Еліміздің барлық өңірлерінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын жаңғырту аясында еліміздің 20 өңірінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл басқармаларда 135 маман қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:49Президенттің тапсырмалары

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында және Эколог күніне орай Қазақстан бойынша экологиялық акция өткізілді

Эколог күніне орай «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясында ел бойынша кең көлемді тазалық акциясы өтті. Акция қоршаған орта туралы хабардарлықты арттыруға, қоғамдастықтарды жақсартуға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі.

15:21Президенттің тапсырмалары

Аралық қорытындылар: 139 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 139 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде және 259 рет ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

14:44Жаңалықтар

Егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруға 4800-ден астам фермер қол жеткізді

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда басталды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

12:28Президенттің тапсырмалары

2026 жылдың бес айында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан асып түсті

Биыл қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардағы көрсеткіштен артығымен орындалды. Бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсіп, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16% көп. Аталған көрсеткіш экономикалық белсенділіктің орнықты серпіні мен бюджет түсімдерінің өсімін байқатып отыр, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

12:13Жаңалықтар

Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек

ҚР Энергетика министрлігі көмір химиясын дамыту бағытын көмір өнеркәсібін жаңғыртудың және шикізатты терең өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өндірістер қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырады. Бүгінде көмір химиясы саласында үш ірі жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:56Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда ауылды жедел басқаруға арналған «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жобасы іске қосылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізуде. Бүгінде жоба 17 облыс пен 1894 ауылдық округті қамтып отыр. Платформаның басты мақсаты – өңірлік басшыларды артық қағазбастылықтан арылтып, ауылдағы ахуал туралы барлық маңызды ақпаратты бір жүйеге шоғырландыру, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:05Президенттің тапсырмалары

Балаларды қорғау күні: елімізде Президенттің балаларды қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Елімізде 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бүгінде елімізде 6,9 млн-нан астам бала тұрады және олардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады. Аталған жұмыс жаңа Конституцияда бекітілгендей, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу қағидатына негізделген, ал мемлекеттің басты міндеті – отбасылар үшін балалардың дені сау болып өсуіне, сапалы білім алуына және өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беретін сенімді әрі қолайлы жағдай жасау. Бұл бағыттағы басты құжат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданып, Үкімет бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы айқындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:20Президенттің тапсырмалары

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.

10:06Мемлекет басшысының қызметі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

09:02Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

09:00Мемлекет басшысының қызметі