Күн жаңалықтары
03.06.2026
Жарияланымдар · 13
Президент еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заңға қол қойды
Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады.
Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Қазақстан мен Кипр президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылуда
ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Аталған жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады. Бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
77 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
Жыл басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 77,4 мың азамат алды. Платформа жұмыс істей бастағалы бері онда 1,3 млн пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 109,4 мыңы – биыл тіркелгендер. Ал берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 268 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Балқаш ауруханасында ауқымды жаңғырту аяқталды
Қарағанды облысында Балқаш көпсалалы ауруханасын ауқымды жаңғырту аяқталды. Барлық жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен жүргізілді. Балқаш, Приозерск, Саяқ, Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық мекеме пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда 20,9 млн гектар егіс алқабы себілді
Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Таза Қазақстан»: бастаманың нәтижелері, рұқсат етілмеген полигондарды жою және ҚТҚ басқару жүйесін дамыту
АҢДАТПА!
Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті
Биылғы жылдың бес айында Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ құрады, ал тұтыну 53,3 млрд кВт/сағ деңгейіне жетті. Осылайша, электр энергиясын өндірудегі профицит шамамен 300 млн кВт/сағ құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.