Күн жаңалықтары
05.06.2026
Жарияланымдар · 11
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы әкелінді
5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Қазақстанға «Тирпарк Берлин» хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді. Бұл айтулы оқиға әлемде сақталып қалған жабайы жылқының жалғыз түрінің популяциясын қалпына келтіру және елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады.
Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі
10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды
Әскери білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттардың бірі болып қала береді. Азаматтардың мерзімді әскери қызметті өткеруге деген уәждемесін арттыруға және олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Sarbaz 2.0» жобасын дамыту жалғасуда. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында осылай деп мәлімдеді.
Жаңа цифрлық шешімдер әскери қызметшілердің жұмысын жеңілдетті
Қорғаныс технологияларының ұлттық экожүйесін дамыту мақсатында Қорғаныс министрлігі Defence Tech бағытын белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінде Defence Tech отандық инновацияларды дамытуға арналған стратегиялық алаң ретінде қарастырылуда.Бұл жайында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
SARBAZ+ жобасы шеңберінде әскерилер ЖИ, киберқауіпсіздік және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуді меңгеруде
Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерді жаңғырту, отандық қорғаныс технологияларын дамыту және заманауи цифрлық армияны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде цифрлық технологиялар тек автоматтандыру құралы ғана емес. Олар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, әскерлерді басқару тиімділігін арттырудың, кадрларды даярлау сапасын жақсартудың және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды тетігіне айналды. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осы бағыттағы негізгі бастамалар жайында сөз етті.
Президент жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды
Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді
Соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының бірқатар өңірлерінде жастардың қатысуымен тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі
Бұл – еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.