Күн жаңалықтары
29.06.2026
Жарияланымдар · 11
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді
Ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді
e-Qazyna порталының арқасында мемлекеттік бюджет едәуір үнемделді
2025 жыл қорытындысы бойынша e-Qazyna порталында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сомасы 76 млрд теңгеге 785 білім беру объектілері цифрландырылды және қаржыландырылды. 84 млрд теңге болған бастапқы жоспарда бюджет үнемдеуі 8 млрд теңгені құрады, бұл көлеңкелі аймақтар мен қолмен есептеуді алып тастаудың арқасында мүмкін болды. 2026 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде оператор сомасы 100,7 млрд теңгеге 749 білім беру объектілерінің актілерін төлеп, 59,3 млрд теңге үнемдеді. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігі өзгерді
2020-2025 жылдар аралығында жекеменшік мектептердің саны 203-тен 745-ке дейін немесе 3,7 есеге өсті, ал оқушылар контингенті 53 мыңнан 297 мыңға дейін ұлғайды. Орта білім саласына жеке инвестициялар тарту – бұл оң қадам және бизнес бұл жүктемені бөлісуге дайын болса, құрылыс бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына ала бермеуге тиіс. Бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, үш ауысымды және тығыз толтырылған, әсіресе қарқынды дамып келе жатқан мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. ҚР қаржы вице-министрі ДәуренТемірбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
2028 жылға дейін жекеменшік мектептердегі мемлекеттік білім беру тапсырысына 760 млрд теңге бөлінеді
Жекеменшік мектептер желісінің дамуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал етті. Енді Қазақстанда оларды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп, бюджет қаражатын бақылау мен бөлудің жаңа тетіктері енгізілуде. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қонаев қаласында заманауи Кардиологиялық орталық ашылды
Қонаев қаласында Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи Кардиологиялық орталық өз жұмысын бастады. Жаңа медициналық мекеме өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары уақтылы әрі толық көлемде жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жазғы кезеңде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шаралары туралы: өзекті қауіптер мен халыққа арналған ұсынымдар
АҢДАТПА!
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Павлодар облысындағы негізгі су шаруашылығы жобаларының іске асырылу барысымен танысты
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су шаруашылығы жобаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдағы сорғы агрегаттарын жаңғырту және №87 бөгетті реконструкциялау жұмыстарының, сондай-ақ «Ертіс-Успенка» каналын реконструкциялау жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын көрді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қызылорда облысында жаңғыртылған теміржол вокзалдарының ашылуы жалғасуда
Қызылорда облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар үшін Қазалы теміржол вокзалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.