Күн жаңалықтары
04.09.2026
Жарияланымдар · 8
Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды
Қызылорда облысындағы Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқабында өткен «Егіс күні – 2026» іс-шарасы аясында күріш жинау жұмысы қолға алынды. Жиналғандар алдында су үнемдеу технологияларын енгізу, топырақ құнарлылығын арттыру және күріш шаруашылығындағы агротехникалық әдістерді жетілдіру бағыттарындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.
Қазақстан жаһандық технологиялық қоғамдастықтың орталығына айналды: Network School Астанада ресми түрде іске қосылды
Қазақстанда Network School Kazakhstan – әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім жасаушыларды біріктіретін халықаралық технологиялық қоғамдастық ресми жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола
Әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жарқын жеңістермен, жаңа рекордтармен толығуда. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды
13,5 млн гектар қайта бөлінген ауыл шаруашылығы жері, ЖИ енгізу және аграрлық ғылымды дамыту: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары қалай орындалуда
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындау жұмыстары елімізде жалғасып келеді. Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы әкімдіктермен бірлесіп, қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу, жер қатынастарын цифрландыру, қолданбалы аграрлық ғылымды дамыту және өндіріске заманауи технологияларды енгізу шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.