Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

14.09.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті.

18:19Жаңалықтар

«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында Қазақстанда 15 мыңға жуық бала дүниеге келді

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 15 мыңға жуық бала дүниеге келді. 2021 жылдан бері бағдарлама шеңберінде ЭКҰ-ның 37 мыңға жуық циклі жүргізіліп, жыл сайын бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

17:25Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» ордені салтанатты түрде табысталды.

16:02Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысандарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

14:40Жаңалықтар

Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары

АҢДАТПА!

14:32Баспасөз хабарламалары

Қазақстан орман шаруашылығы және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі «Корея Республикасы – Орталық Азия» министрлік форумына қатысты

Сеул қаласында орман шаруашылығы және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі «Корея Республикасы – Орталық Азия» министрлік форумы өтті. Форум жұмысына Орталық Азия елдерінің бейінді мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, Корея орман қызметінің, Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO), сондай-ақ БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (UNCCD) өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

11:46Жаңалықтар

Қарағандыда энергетикалық нысандардың жай-күйін дрондар тексеруде

Қарағандыда энергетикалық нысандарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

11:21Жаңалықтар

Қазақстан мен Kyungdong Pharmaceutical өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Kyungdong Pharmaceutical компаниясының бас директоры Ким Кён Хун мырзамен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Kyungdong Pharmaceutical компаниясы фармацевтика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:38Жаңалықтар

Қызылорда облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 12,1 млн теңгенің өнімін сатты

12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Екі күнде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам барды. Жалпы өңір креаторлары 12,1 млн теңгенің өнімін сатты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

09:29Жаңалықтар

Ел өңірлерінде жаңа әлеуметтік, медициналық, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауылдық елді мекендерді қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, ел өңірлерінде бірқатар маңызды нысандар мен жобалар іске қосылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

08:55Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

00:17Жаңалықтар