Күн жаңалықтары
24.09.2026
Жарияланымдар · 11
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды
Мемлекеттік экологиялық бақылауды, оның ішінде нақты уақыт режимінде АМЖ цифрландыру
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі
ҚР АШМ: Қайтарылған жерлер одан әрі тиімді пайдаланылуы тиіс
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын мемлекетке қайтарылған жерлерді облыстар бойынша кезең-кезеңімен қайта бөлудің жоспарын әзірлеп, бекітті. Оған сәйкес қайта бөлінбеген барлық қалған аумақтарды қамтиды және оларды кезең-кезеңімен әрі жедел түрде экономикалық айналымға енгізуді көздейді. Бұны ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты.
Елімізде 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,6 млн га жер қайтарылды
Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
Елімізде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасы әзірленіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі Республикалық комиссия жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Республикалық комиссияның екі отырысы өткізіліп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелеріне тоқталып өтті.
Қазақстанда балалар арасында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба бірнеше өңірді қамтиды
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті. Тараптар «Су және білім» жобасын кеңейту мәселесін талқылады. Жоба Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып келеді. ЮНИСЕФ жобаны Түркістан облысына кеңейтуге, ал кейіннен Каспий маңы өңірлерін, соның ішінде Ақтау мен Атырау қалаларын қамтуға қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Президент Жолдауын жүзеге асыру: ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі екі есеге жуық артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.