Күн жаңалықтары
19.10.2026
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.
Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Ибраһим Нұрмаханұлы – пара дзюдодан V Азия Пара ойындарының чемпионы
Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Мемлекет басшысы семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында кадрлық тағайындаулар болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Отырыс барысында экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал, экономикалық өсімді ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі
Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды. Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесіне 4 500 адам барып, 10 млн теңгенің өнімі сатылды
17-18 қазанда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Қарағанды облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
ЖИ көмір қоры көлемін есептеуді жеделдетті
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның цифрлық трансформациясы аясында жасанды интеллект технологияларын өндірістік қызметтің негізгі бағыттарына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Технологиялық шешімдер өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жабдықтардың техникалық жай-күйін диагностикалау, энергетикалық инфрақұрылымды бақылау және электр энергиясын өндіру көлемін болжау мақсатында қолданылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.