Күн жаңалықтары
27.10.2026
Жарияланымдар · 10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
«Мансап компасы» – мамандық таңдауға және кәсіби жолды жоспарлауға көмектесетін платформа
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға «Мансап компасы» цифрлық платформасының мүмкіндіктерін еске салады. Бұл платформа оқушыларға, олардың ата-аналарына және ересек азаматтарға кәсіп таңдауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды білуге және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысуға көмектеседі.
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылдан бері елімізде «Балалар кітапханасы» жалпыұлттық бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты - балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және сапалы кітаптарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Үкіметте «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Президентке сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары туралы баяндалды.
Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
Өңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Республика күні қарсаңында жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары, білім беру орталықтары, ТКШ және әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді дамытуға 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34 жобаны қаржыландыруға кәдеге жарату төлемдері есебінен 122,6 млрд теңге бөлді. Жобалар жаңа қайта өңдеу өндірістерін салуды, сұрыптау кешендерін құруды және арнайы техника сатып алуды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қостанайда көпфункционалды стадион ашылды
Республика күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябағында көпфункционалды стадион ашылды, деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.