Күн жаңалықтары
10.11.2026
Жарияланымдар · 5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзі
Автожолдардағы сервистік инфрақұрылым кеңейіп келеді
Жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсету қызметін дамыту аясында Астана – Теміртау ақылы жолында жедел жол көмегі қызметі пилоттық тәртіппен іске қосылды. Жолды патрульдеу және жүргізушілерге техникалық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған екі автокөлік бөлінген. Бұл туралы ОКҚ алаңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлады.
«ҚазАвтоЖол» қысқы маусымға дайын: жол техникасының әзірлігі 96%-дан асты
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы қысқы маусымға дайындау бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Арнайы техниканың дайындығы 96%-дан асады. Бұл туралы ОКҚ алаңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлады. Оның айтуынша, қысқы жұмыстарға құрама жол машиналары, автогрейдерлер, тиегіштер, шнекті-роторлы қар тазалағыштар, тракторлар және басқа да техника жұмылдырылады.
10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні
Бухгалтерлер мен аудиторлар қаржылық тәртіпті қамтамасыз етуде, есептіліктің ашықтығын сақтауда және қаражатты тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Олардың жұмысы үлкен жауапкершілікті, дәлдікті, кәсіби біліктілікті және білімін үздіксіз жетілдіруді талап етеді.
Бүгін цифрландыру саласының жұмыскерлері кәсіби мерекесін атап өтеді
Цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Олар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, бизнес, білім, ғылым және басқа да салалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда.