Құрылыс жобаларын әзірлеу, эскиздік жоба бойынша келісу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну мемлекеттік қызметтерін көрсетудегі негізгі проблема берілетін құжаттардың бекітілген бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келмеуі болып табылады. Сәулетті жоспарлау тапсырмасындағы техникалық шарттарды беру файлдарды тіркей отырып, қағаз түрінде жүзеге асырылады. Бұл жүйе ашық емес. Әкімдіктерде құрылыс объектілері және олармен байланысты құжаттардың цифрланбаған базасы бар. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Бірыңғай геопорталға айналады. 

«Жүйе сәулет-жоспарлау тапсырмасын, жобалардың техникалық шарттарын беру кезінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларындағы деректерді форматты-логикалық бақылауды деректерді валидациялау және бизнес-процестерді цифрландыру арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Геопортал халық пен бизнесті бекітілген қала құрылысы регламенттеріне сәйкес елді мекендердің аумақтарын игерудің өзекті деректері және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шешімдердің ашық қабылдануын қамтамасыз етіп, заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді спикер.