Еліміздің су қоймаларын реконструкциялауға бағытталған 59 жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен іске асырылып жатыр. 2026 жылға дейін 46 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, қалғандары биыл аяқталады деп күтілуде. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 717 шақырым каналдарды реконструкциялау көзделген. Сонымен қатар үнемделген қаражат шеңберінде Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 170 шақырымнан астам 31 каналға қосымша реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл облыс бойынша бетондалған каналдардың үлесін 51 %-дан 77 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.