«Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты. Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақытылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді. Құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді», - деді А.Әмірғалиев.


Сонымен қатар, нотариаттық емес мәмілелер бойынша құқықтарды электрондық тіркеу сәтті енгізілді. Қазіргі кезде пилоттық жоба Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізумен азаматтар бір мезгілде жер учаскесін алып, оны ресімдеп, өз құқықтарын тіркей алады. Бұл халықтың уақыт және қаржы шығындарын едәуір қысқартады.