Сонымен қатар, компания мамандары шетелдік бизнеске визалық қолдау, инвестициялық келісімшарт жасасуға жәрдемдесу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында заң жағынан қолдау көрсетеді.

«2020 жылы Қоғам тарапынан инвесторлардың 2 279 өтініші қаралды. Оның ішінде 1438 қоңырау қабылданды, 587 жазбаша және ауызша кеңес берілді, инвестициялық преференцияларға 44 өтінім, сондай-ақ визалық  және көші-қон мәселелері бойынша 126 өтініш қаралды», - деді басқарма төрағасы.


Айта кетейік, бүгінгі таңда KAZAKH INVEST инвестициялық жобалар пулына жалпы құны 72,5 млрд АҚШ долл. болатын 60 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 471 жоба кіреді. Оның ішінде 115 жоба іске асырылды және инвестициядан кейінгі мониторинг сатысында, 132 жоба іске асырылуда, 55 жоба пысықталуда, бұдан басқа 169 жаңа инвестициялық ұсыныс (тауашалы жобалар) әзірленді.


Өткен жылдың қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST-тің қолдауымен жалпы соммасы 1,6 млрд АҚШ долл. құрайтын 41 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 7 мың жаңа жұмыс орны құрылды.