Шахмат шебері өткен ойындарда алған әсерлерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.


«Әрине, мен қатты қуандым. Өйткені, мұны өте ұзақ күттім. Ерлер гроссмейстерінің соңғы нормасын 2018 жылы орындадым. Пандемияға байланысты көп уақыт ойнаған жоқпыз және мұндай чемпионатқа бару, әлемдегі ең үздік 11 шахматшымен ойнау – өте керемет болды. Шілде айында Сочиде нокаут жүйесі бойынша өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын», - деді Жансая.


Жансаяның анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алма Әшірова әр анаға «баласының жеңісін сезіну бақытын» тіледі.


«Ата-ананың қуанышы спортшының өзінен жүз есе артық шығар. Жансая турнирді аяқтаған соң, біз бірге сөйлесіп отырдық, сонда мен былай дедім: «қызым, әр минутты, әр сәтті есте сақтауға тырысамын, өйткені мені толғандырған бақыт пен мақтаныш сезімдерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Менің ойымша, әрбір азамат өз ісінде белгілі бір із қалдырғысы келеді. Міне, Жансаяның тарихи жетістігі соншалық, мен барлық ата-анаға осы бақыт сезімін сезінуін шын жүректен тілеймін», - деді гроссмейстердің анасы.


Турнир анасы мен қызы үшін де қызықты болды. Бірақ нәтиже бәрінен де жоғары болды.