«Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды.  Биыл құны 8,4 млрд теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-н орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», - деді спикер. 

Бүгінде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңында 14 ауылдың тұрғындары үшін көгілдір отынға қол жеткізеді. Халықты газбен қамту көрсеткіші 92,6% -ға жетеді.