«Бұл қазіргі өте өзекті мәселе. Ауғанстандағы бүгінгі әскери-саяси ахуал аса күрделі екенін атап өткім келеді. Бұл кезеңде болжам жасау қиын. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ауғанстанға қатысты ахуал жайлы ақпаратты тұрақты түрде бақылауда, оның ішінде әріптес- шет мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен және өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды да жүргізеді. Сондықтан бұған қатысты нақты ештеңе айта алмаймыз, жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдаймыз және қазір күтудеміз», - деп жауап берді генерал. 


Ал Ауғанстандағы жағдай ушықса, ҰҚШҰ елдерінің аумағына басып кірген жағдайда, қазақстандық әскер енгізіле ме? 


«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тұрақты жауынгерлік дайындық жағдайында, осы мәселе төңірегіндегі жағдайды мониторингтеу және зерделеу бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты қалыптасқан жағдай айтылып отырған салдарға алып келуі үшін бірқатар шарттар қажет екенін атап өткім келеді. Ең алдымен, тараптардың бірінің ҰҚШҰ штабына өтініш жасауы, Парламент және ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде шешім қабылдауы. Осыдан кейін ғана, тиісінше, осы оқиғалар аясында қатысу туралы қандай да бір шешімдер қабылданатын болады»,-деп хабарлады Қорғаныс ведомствосының өкілі.