«...Спортшының рейтингте көтерілуі, алға жылжуы үшін физиотерапевтпен, фитнес жаттықтырушымен қосымша жұмыс істеу қажет, психологиялық сәттер бар, жұмыстар жүргізу керек. Ол жас теннисші, оның әлеуеті зор, оны қазір қолдағымыз келеді. Бұл оның алғашқы олимпиадасы, ол өзін жақсы жағынан көрсетті. Елена матчтарда жеңіске жету үшін барлық жақсы құралдарға ие. Доп тастау күші де «ерлердікіндей», 180-190 км/сағ, дұрыс концентрация беру керек. Олимпиада оған жақсы көңіл-күй сыйлады», - деді спикер қазақстандық теннисшінің жетістіктерімен бөлісе отырып.


Айта кетейік, федерация келесі олимпиадаға дайындалуда. 12-16 жас және одан кіші дарынды жасөспірімдер бар. Мысалы, атақты теннисшілерді жеңген 14 жастағы Амир Архат. Дана Байдәулет, Кенжебаева Сандуғаш және т.б. жақсы нәтижелер көрсетіп отыр, яғни, бұл келесі буын, олардың аты шығады және жақын болашақта оларға сенім артамыз.