«Балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуі жаз мезгілінде байқалды. Маусым айынан бастап балалар айқын көрінген клиникалық белгілермен түсе бастады. Бұл улану, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, катаральды көріністер. Балалардың отбасындағы екпе алмаған адамдармен байланыстан соң ауыра бастағандығын атап өткім келеді. Яғни бірінші кезекте вакцина салдырмаған туғандары мен жақындары өз балаларына жұқтырады. 
Балалардағы аурудың ерекшеліктеріне инфекциялық процестің өзі жатады, оның барысы денсаулықты жақсартуға және қалпына келтіруге немесе ауыр түрге өтуге әкелуі мүмкін. Ересектердегідей инкубациялық кезең 4-тен 14 күнге дейін. Сондай-ақ, балаларда бірден бірнеше орган зақымдалуы мүмкін. Кейде шок алу жағдайлары болады. Сондықтан азаматтарды екпе алуға шақырамыз. Осылайша сіз өзіңізді ғана емес, туысқандарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, ұжымды да қауіпсіздендіресіз», - деп атап өтті спикер.