Ол сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер бюджеттік ақша мен қазақстандықтар жинаған қаржыны бөлумен айналысатынын атап өтті. 


«Қызылорда облысына резервтен берілген қаражат жеткілікті, облыс қосымша қаражат сұрамайды. Маңғыстау облысы – 5,3 млрд теңге - егер мәселе шешілсе, жағдай одан әрі нашарламайды, фермерлер осы қаражатпен аман-есен шығып, негізгі аналық мал басын сақтап қалуы тиіс. Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған қор қаражатына келетін болсақ... Қазір Қазақстанда еріктілер өте көп. Павлодарда, Түркістанда. «Қазақстан Темір Жолы» тамыз айының соңына дейін «Қызылорда – Маңғыстау» бағыты бойынша азық тасымалдауға ағымдағы тарифке 77% жеңілдік берсе де, қалғанын еріктілер көбінесе төлей алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланбаған, біз бұл ақшаны жібере алмаймыз. Сондықтан, бұл қаражатты ашық жұмсаудың ықтимал бағыттарының бірі. Мұны әкімдік, қоғамдық кеңес шешеді. Бұл қаражатты жалпы келісім бойынша тасымалдауға жіберуге болады, еріктілерге жиналған шөпті жеткізуге көмектесуге болады», - деді ведомство басшысы.