«Қаза тапқан адамдарға мемлекеттік көмек пен қолдау көрсетуге қатысты еліміздің заңы бар. Сонымен қатар, демеушілер, жергілікті бюджет есебінен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Зардап шеккендерге келетін болсақ, залал деңгейі, мүгедектік және т.б. бойынша заңға сәйкес жергілікті органдар тарапынан да мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру және көрсетілетін көмекке келетін болсақ: бүгін таңертең біз және Байзақ ауданының қызметкерлері осы үш елді мекенді аралап шықтық, онда өртенген тұрғын үйлер жоқ, басқа нысандар жоқ, тек шатырлар, төбелер құлаған, әйнектер сынып, есіктер бұзылған. ТЖ қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдар қатарынан арнайы комиссия құрылды, олар әрбір үйге және елді мекендерге тексеру жүргізеді. Осыдан кейін үйлерде қанша шифер мен әйнек болғанын және ненің зардап шеккенін айтамыз. Заңға сәйкес қалпына келтіреміз. Әскери нысандарға келетін болсақ, Нұрлан Байұзақұлы (ҚР Қорғаныс министрі) өз адамдарына тапсырма берді, олар да тексеру жүргізеді: қанша көлік құралы, қанша қойма зардап шекті және т. б.. Бірде-бір зардап шегуші көмексіз және қолдаусыз қалмайды!»,- деп атап өтті аймақ басшысы. 

Сапарбаев сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы құрылған жедел штабқа жүгінуге болады. Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-41-67, 8(7262) 51-37-75. Сонымен қатар, 109 нөміріне қоңырау шалуға; 8-778-810-91-09 WhatsApp желісіне хабарлама жіберуге болады.