«КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 88%, оның ішінде КВИ нәтижесі оң 734 мың және КВИ нәтижесі теріс 59 мыңнан астам науқас жазылып шықты. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан және елдің 12 өңірі қызыл аймақта орналасқан, соңғы аптада 4 аймақ сары аймаққа ауысты – бұл ШҚО, Жамбыл, СҚО және Қызылорда облыстары. Жасыл аймата – Түркістан облысы тұр», - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі. 


ДСМ мәліметінше, соңғы екі аптада елімізде эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтануда. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді.