Жыл басынан бері қор 81 млрд теңгеден астам сомаға 235 жобаны қаржыландырды, 152 млрд теңге сомаға қаражат, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 100 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тартты. 

«Ағымдағы жылы «КамАЗ» ЖАҚ және «Татнефть» ЖАҚ стратегиялық инвесторларымен бірлесіп экспортқа бағдарланған жобаларды - Қостанай қаласында шойын құю өндірісін; Қостанай қаласында жетекші көпірлердің бас берілістерін өндіруді; Саран моноқаласында шиналар өндірісін ұйымдастыруды 3% мөлшерлеме бойынша қаржыландыру жоспарлануда. 3 жоба бойынша инвестицияның жалпы көлемі 191 млрд теңгені құрайды. Іске асыру кезеңінде 1 700-ден астам жұмыс орны құрылады. Жалпы, соңғы 5 жылда өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы экономикаға 800 млрд теңгеден астам инвестиция тартылғанын атап өткім келеді. Салынған инвестициялардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің 29 кәсіпорны жаңғыртылды, өңірлерде 2 014 автобус жаңартылды, 979 бірлік трактор мен комбайн, 325 бірлік шұғыл қызмет техникасы, 369 бірлік коммуналдық техника, 1 261 арнайы көлік құралы сатып алынды, 1 167 жедел медициналық көмек машинасын сатып алу қаржыландырылды және COVID-19 тестілеу үшін 8 бірлік ұтқыр зертханалық кешен сатып алу қаржыландырылды, сондай-ақ 5 жылжымалы медициналық кешен сатып алу мақұлданды, оның 3-еуі Қызылорда және Қостанай, 314 жолаушы және 3 858 жүк вагоны жаңартылды», - деді спикер. 


Бұдан басқа, Үкімет қаулысымен өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін (ӨКМ) оператордың қаржыландыру қағидалары бекітілді, оның шеңберінде Қор арқылы 3% мөлшерлеме бойынша экологиялық талаптарға сәйкес келетін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру үшін қолжетімді қаражат қамтамасыз етіледі. Өнеркәсіпті дамыту қорының әзірленіп жатқан Даму стратегиясы шеңберінде Қордың қызмет түрлерін жаңа құралдармен кеңейту жоспарланғанын атап өткім келеді. Қызмет түрлерін кеңейту Қорға өтінім берушілерге толыққанды қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Қордың қызметі әзірленіп жатқан «Өнеркәсіптік саясат туралы»заң жобасында бекітілетін болады.