«Сондықтан 2025 жылға дейін халықтың барлық топтары кезең-кезеңмен қамтылатын болады, осылайша мұндай схемалар мен манипуляциялар мүмкін болмайды. Бізде ЭЫДҰ елдерімен көпжақты конвенция бар, қазір өзара ақпарат алмасуды техникалық жолға қою жүріп жатыр. Келесі жылдан бастап деректер алмасу басталады. Сонда декларациялардағы деректердің толық ұсынылуын көре аламыз: біздің азаматтарымызда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қандай банктік шоттар барын және онда қандай ақша қалдықтары барын. Болашақта осындай ақпарат ата аламыз. Бұзушылықтарға келетін болсақ, бірінші декларация бойынша арнайы тексеру әрекеттері жүргізілмейді. Бұл бірінші декларация (250 нысаны) заңдастыру ретінде, оның мәні мынада, ол барлық топтарға арналады. Егер қандай да бір мүлік немесе қандай да бір активтер заңды айналымнан шығарылған болса, онда мақсат – салық түсуі үшін заңды айналымға қайта тарту, яғни бастапқыда азаматтардың қандай мүлкі бар екендігі айтылады. Осыдан кейін тартылады және олар бойынша салықтар төленеді. Сондықтан осы декларацияларға қатысты тексеру әрекеттері жүргізілмейді», - деп сендірді спикер.